Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы жылы деп жариялап, еңбек адамының қоғамдағы рөлін арттыруға ерекше мән берді. Президент өз Жолдауында адал еңбек пен кәсіби шеберліктің ел болашағын қалыптастырудағы маңызын атап өтті. ALT Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжі ашық алаңға белсене қатысты.
“Еңбек адамы – елдің байлығы” атты ашық алаңның үшінші күнінде ALT Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжі мен Автожол колледжі өзара ынтымақтастық меморандумға қол қойды. Келісім аясында қос тарап кәсіби білім беру және ғылыми зерттеу саласындағы ынтымақтастықты нығайту және тәжірибе алмасу мақсатында ортақ жоспарларды бірлесіп ұйымдастыруға келісімге келді.