+7 (7132) 21-14-00 aktk_06@mail.ru
Select Page

Қамқоршылық Кеңес

ALT Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжінің
2022-2023 оқу жылына арналған қамқоршылық кеңесінің жылдық
жұмыс жоспары

Іс – шаралар Мерзімі Жауапты
1 Қамқоршылық Кеңесін құру -төрағасын, орынбасарын, хатшысын және құрамын сайлау
-жұмыс жоспарын бекіту
-отырыстарын өткізу

Қазан

Тоқсан сайын

Колледж директоры
2 Қайырымдылық көмек қажет ететін студенттер базасын құру Қазан Қамқоршылық кеңес мүшелері
3 Колледждегі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, толық емес және көп балалы отбасынан шыққан студенттерді бақылау және оларға  көмек беруді ұйымдастыру Қараша Желтоқсан Қамқоршылық кеңес мүшелері,меценаттар
4 Колледждің дамыту жұмысына қайырымдылық көмек көрсету мақсатында демеушілерді,колледж түлектерін тарту Желтоқсан,Қаңтар Қамқоршылық кеңес мүшелері
5 Бюджеттен тыс шағын кәсіпкерлерді колледждің базасын дамытуға көмек беруге тарту Ақпан,Наурыз Қамқоршылық кеңес мүшелері
6 Жаңа жыл мерекесіне орай  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, толық емес және көп балалы отбасынан шыққан студенттерге қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастыру Наурыз,Сәуір Қамқоршылық кеңес мүшелері
7 Колледж оқытушыларынан қайырымдылық көмек акциясын ұйымдастыру Қаңтар,Мамыр Қамқоршылық кеңес мүшелері
8 Ата –аналар тарапынан қайырымдылық акциясын ұйымдастыру Қаңтар,Мамыр Қамқоршылық кеңес мүшелері
9 Қорытынды есепті тыңдау Маусым  

Қамқоршылық кеңес жұмысын ұйымдастыру тәртібі

  1. Қамқоршылық кеңестің отырысын оның төрағасы өз бастамашылығымен, Қамқоршылық кеңес мүшесінің жалпы санының үштен екісінің бастамасымен шақырады.
  2. Қамқоршылық кеңестің отырысын шақыру туралы хабарламаға Қамқоршылық кеңес төрағасының қолы қойылып, хабарлама отырыс өткізілетін күнге дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей қажетті материалдармен бірге Қамқоршылық кеңестің мүшелеріне және қамқоршылық кеңес қызмет ететін білім беру ұйымына жолданады.
    Хабарламада отырыстың өткізілу күні, уақыты және орны жазылады.
    Хабарламаға баяндамашы көрсетілген отырыстың күн тәртібі, күн тәртібіне қосуға себептерді көздейтін анықтамалық материалдар, қамқоршылық кеңестің мүшелеріне ұсынылатын отырысқа қажетті құжаттар қоса беріледі.
  3. Хабарламаны алған қамқоршылық кеңестің мүшесі қамқоршылық кеңестің отырысы өткізілетін күнге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей өзінің қамқоршылық кеңестің отырысына қатысатындығын немесе қатыспайтындығын қамқоршылық кеңес хатшысына хабарлайды.
  4. Қамқоршылық кеңестің төрағасы отырысты шақыру туралы ұсыныс түскен күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей қамқоршылық кеңестің отырысын шақырады.
  5. Қамқоршылық кеңестің отырысы қажеттілігіне қарай, тоқсанына бір реттен сиретпей өткізіледі.
  6. Қамқоршылық кеңестің отырысы, егер қамқоршылық кеңестің барлық мүшелері отырыстың өткізілу уақыты мен орны туралы хабардар болса және оған мүшелерінің кемінде жалпы санының үштен екісі қатысса заңды болып табылады. қамқоршылық кеңес мүшесінің өз дауысын қамқоршылық кеңестің басқа мүшесіне немесе адамға сенімхат бойынша беруге жол берілмейді.
  7. Колледж қамқоршылық кеңесінің әрбір мүшесі дауыс беру кезінде бір дауысқа оны беру құқығынсыз ие.
  8. Қамқоршылық кеңестің шешімі ашық дауыс беру арқылы оған қатысқан мүшелердің дауыстар басымдылығымен қабылданады. Дауыстар тепе-тең түскен жағдайда қамқоршылық кеңестің төрағасы, ал ол болмаған жағдайда қамқоршылық кеңес төрағасының міндеттерін атқаратын тұлға дауыс берген шешім қабылданады.
  9. Қамқоршылық кеңестің шешімі отырысқа қатысқан қамқоршылық кеңестің барлық мүшесі қол қойылған хаттамамен ресімделеді.
  10. Колледж өзінің интернет-ресурсында қамқоршылық кеңестің қабылдаған шешімдері туралы ақпаратты орналастырады.
  11. Колледжде қайырымдылық көмек ерікті түрде өтеусіз негізде көрсетіледі және осы Қағидаларда көзделген тәртіппен қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша жұмсалады.
  12. Колледжге қайырымдылық көмектен аударылатын кез келген түсімдері.
    Skip to content