+7 (7132) 21-14-00 aktk_06@mail.ru
Select Page

Колледж туралы

Ақтөбе көлік және коммуникациялар колледжі 2007 жылы «Мұхамеджан Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы» акционерлік қоғамы негізінде құрылды. АБ № 0029723 сериялы мемлекеттік лицензияны Ақтөбе облысының білім басқармасы 2007 жылғы 6 наурызда берген.

– Ведомстволық жағынан Ақтөбе облысының білім басқармасына қарайды.

– Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы, Алтынсарина көшесі 4А

– Құрылған кездегі атауы: «М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы» АҚ «Ақтөбе көлік және коммуникациялар колледжі» ЖШС

Колледжде білім беру саласын кеңейтуге байланысты (техникалық, әлеуметтік-экономикалық, гуманитарлық) және бейінді емес мамандықтар үшін білім беру грантын тағайындауға байланысты 2019 жылы оқу орны акционерлермен келісе отырып, ол «М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы» АҚ Ақтөбе колледжі болып өзгертілді. 2022 жылы 27 наурызда оқу орны акционерлермен келісе отырып, «ALT Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжі» ЖШС атауына өзгертілді.

Колледж негізі қаланған кезде болмаған жаңа мамандықтар:

  • 2011 жыл – 1417000 мамандығы – «Азаматтық ғимараттардың интерьер дизайны, оларды қалпына келтіру және қайта құру»
  • 2011 жыл – мамандығы 1112000 «Өнеркәсіп машиналары және жабдықтарын пайдалану»
  • 2013 жыл – 0101000 мамандығы – Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
  • 2013 жыл – 0105000 мамандығы – Бастауыш білім беру

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы бекіткен 2009 жылғы 6 тамыздағы № 1125 бұйрықпен Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің  бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарды мемлекеттік аттестаттауды және өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Бағдарлама мен нұсқаулықтардың негізінде колледждің білім беру қызметіне тексеру жүргізілді.

Тексеру Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі 319 «Білім туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес Ақтөбе облысы Білім саласындағы бақылау департаментінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 127 бұйрығымен білім беру мен маман даярлау қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттың талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында өткізілді.

Колледжде оқу күндізгі және сырттай формада төмендегі мамандықтар мен біліктіліктер бойынша жүзеге асырылады:

Мамандық атауы Біліктілік атауы Оқу түрі
1 1303000-Автоматика,телемеханика және темір жол көлігіндегі қозғалысты басқару 130304 3 Электромеханик Күндізгі,сырттай
2 1203000 – Темір жол көлігінде тасымалды ұйымдастыру және қозғалысты басқару 120309 3 Тасымалдауды ұйымдастырушы техник Күндізгі,сырттай
3 1108000 –Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану және техникалық күту 110818 3 техник-электромеханик Күндізгі,сырттай
4 1305000 – Ақпараттық жүйелер (қолдану салалары бойынша) 130502 3 техник-программист Күндізгі,сырттай
5 0901000 – Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары( түрлері бойынша) 090104 3 техник-электрик  Күндізгі,сырттай
6 1112000 – Өнеркәсіп машиналары мен жабдықтарын пайдалану 111204 3 Техник-механик  Күндізгі,сырттай
7 0105000 – Бастауыш білім беру 010501 3 – бастауыш білім беру мұғалімі
010502 3-информатика бастауыш білім беру мұғалімі
 Күндізгі,сырттай
8 0101000 – Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту 010101 3- мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі Күндізгі,сырттай

Қазіргі таңдағы еңбек нарығында дипломды мамандарға қойылатын талаптарға орай сырттай бөлім студенттерінің жасының артуы байқалады, сырттай бөлім колледждің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Барлық мамандықтарда кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары, әдістемелік талаптарға сәйкес келетін мамандықтар бойынша жұмыс оқу жоспарлары бар.

Skip to content