Тәрбие жұмысын ұйымдастыру
«ALT Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжінің» ЖШС 2022-2023 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының бағыттары
- Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
- Рухани – адамгершілік тәрбие
- Ұлттық тәрбие
- Отбасы тәрбиесі
- Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
- Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбие
- Көп мәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
- Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері
Тәрбие мақсаты: Жалпы адамдық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Тәрбие міндеттері:
- Қоғамда қалыптасып отырған ұстанымдарды қабылдауға қабілетті азаматтың қалыптасуына, оның патриоттық сезімінің дұрыс бағытталуына, тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; жасөспірімдердің құқықтық санасының өсуіне, оның өз ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.
- Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.
- Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.
- Студент-жастар тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, тәрбие мәселесіндегі олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету.
- Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуына және өзін-өзі жүзеге асыруына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту.
- Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруына ықпал ету.
- Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.
- Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.