18.11.2022 күні колледжімізде өткен мерекелік шара-Жастардың құрметіне арналды.
Жылдағы дәстүр бойынша «ALT Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжі” 1-курс студенттерін ресми түрде студенттер қатарына қабылдау салтанатты шарасын өткізді!
Оқу орнымыздың өнерлі жастары 1-курс білім алушыларына студенттік кезеңнің қызығы мен шыжығын той-думан стилінде жеткізіп, білімге, ғылымға ұмтылып, сондай-ақ қоғамдық өмірге де әркез белсене атсалысуды үлгі етті.
Мерекелік кеште колледж директоры Такишева Гулбану Акылбековна студенттерді ең қызықты сәттерге толы ұмытылмас шаққа қадам басқан сәтімен құттықтады. Гулбану Акылбековна меценаттар тобының атынан колледжіміздің студенттеріне оқудың төлем ақысына 10%-100% жеңілдіктер сертификаттары тапсырылды!
Еркін форматта, ойын түрінде өткен бұл күн “АГТК студенті” атанып отырған білімгерлердің есінде өзінің ерекше әсерімен мәңгі сақталатыны анық!