26 қараша күні Ақтөбе қаласының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде өткізілетін қала жастары арасында «QUIZ TIME: IQ UP» атты интеллектуалды сайыс өтті.
Сайыстың мақсаты — жастардың интеллектуалды әлеуетін арттыру, патриоттық сезімдерін оятып, қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру болды.
Тартысты өткен білім сайысына техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттерінен құралған 14 команда қатысты. Ойын 5 кезеңнен тұрды:
- логикалық сұрақтар,
- сатылы сұрақтар,
- медиа кезең,
- ортақ тақырып кезеңі,
- бас тігү және тапсырмалар кезеңдері.
Нәтижесінде:
- 1 орын — Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжі
- 2 орын — Ақтөбе сервис колледжі
- 3 орын — А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі
Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.