«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жоспарына сәйкес «Қарттар күні» мерекесіне орай өскелең ұрпақтың Ардагер Ұстаздарға деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру мақсатында колледж әкімшілігі «Қарты бардың – қазынасы бар» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
Колледж басшысы бастаған мерекелік бағдарлама жоғары деңгейде өтті. Ұстаздар тарапынан әндер шырқалып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Кәсіподақ ұйымы атынан Ардагер Ұстаздарға сыйлықтар табысталды.