+7 (7132) 21 79 69 aktk_06@mail.ru
Select Page

ALT Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжінде «Ел тірегі – еңбек адамы» атты патриоттық форум өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты — жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, еңбек адамдарын қоғамға үлгі ретінде таныту және олардың ел дамуына қосқан үлесін дәріптеу.

Форум барысында еңбек адамдарының оң имиджін қалыптастыру, жұмысшы мамандықтарға деген құрметті күшейту және жастарды білікті еңбекке тарту мәселелері талқыланды.

Форум мақсаттары:

  • Жұмысшы мамандықтарын насихаттау, жастарды еңбек саласына баулу;
  • Жұмысшылар мен тәлімгерлердің мәртебесін көтеру;
  • Еңбек ұжымдарының жетістіктерімен таныстыру;
  • Білім беру ұйымдары, кәсіпорындар мен жастар арасындағы ынтымақтастықты кеңейту;
  • Еңбек әулеттерін қолдау және тәлімгерлікті дамыту;
  • Жастардың бойында еңбекке құрмет пен ел үшін қызмет ету мақтанышын қалыптастыру.
Skip to content