Қазақстанның кәсіпкер әйелдерінің Ұлттық слеті: Ақтөбе облысының қатысуы және әйелдер бизнесін дамытуға жаңа серпін
Ақтөбе облысы Халықаралық әйелдер кәсіпкерлігі күніне орай ұйымдастырылған Қазақстанның кәсіпкер әйелдерінің жыл сайынғы Ұлттық слетіне қатысуда. Іс-шара «Атамекен» ҰКП Президиумының Әйелдер кәсіпкерлігі комитеті қызметі аясында ұйымдастырылды. Слеттің негізгі мақсаты – елдегі әйелдер бизнесін қолдау және дамыту, тәжірибе алмасу, мүмкіндіктерді кеңейту және әйелдер көшбасшылығының табысты тәжірибелерін ілгерілету.
Форумға Қазақстанның барлық өңірлерінен келген әйелдер кәсіпкерлігінің шамамен 400 өкілі, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, даму институттарының, қаржы ұйымдарының, қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялардың өкілдері қатысуда.
Слеттің ашылуы Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің, Президент кеңесшілері Әсель Жанасова мен Алексей Цойдың, Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұровтың, сондай-ақ ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенованың құттықтау сөздерімен басталды.