Ақтөбе облысының білім басқармасының қолдауымен ALT Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжінде «Мейірімділік жүректен» атты игі шара ұйымдастырылды. Шараға ерекше балалар шақырылып, оларға арналған концерттік бағдарлама мен түрлі көңілді ойындар өткізілді.
Балалардың шат күлкісі мен қуанышты жүздері – мейірім мен қамқорлықтың ең әдемі көрінісі болды. Мереке соңында қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталып, күн шынайы жылулық пен ізгілікке толы сәттерге айналды.
Бұл шараның басты мақсаты – қоғамдағы әр баланың ерекше екенін сезіндіру, жүректерге жылулық ұялату.