01.10.2025ж күні 1-қазан Қарттар күніне орай «Қарттарым асыл казынам» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Тәрбие сағатына колледжіміздің ардагер ұстаздары шақырылды. Ардагерлерге кәсіподақ ұйымы атынан сыйлық табысталды.
Қазақ «Қариясы бар елдің қазынасы бар ел» дейді. Қарияларды құрметтеп, ардақтау біз үшін — парыз. Себебі, әрбір белес, әрбір асу, ол бір із. Талай күндер төккен терімен толысып, талай жылдармен тоғысып, еңбектен соң келіп жеткен осындай бір мәртебелі белестің маңызы зор. Осы орайда ардагерлерге арналып мерекелік дастархан жайылып, керемет кеш өткізілді.